Ауған ақиқаты » Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Башкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы
Бесқарағай ауданының білім бөлімі
"Башкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 9-47-20
bashkul.school@mail.ru
Версия
для слабовидящих
17
февраль
2020

Ауған ақиқаты


«Ағалар ерлігіне тағзым!»


Башкөл орта мектебінде Кеңес  әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай және Ауған соғысына қатысқан ардагерлерді еске алып, жас жеткіншектердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастыру және  патриоттық рухта тәрбие беру мақсатында ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.

   Кешке Башкөл орта мектебінің түлегі Мустафин Мұхтархан Қабдылқарапұлы қатысты. Башкуль ауылынан Шамсутдинов Ринат Рифхатұлы мен Шамсутдинов Руслан Рифхатұлы да ауған соғысына қатысып, өзінің Отан алдындағы борышын үлкен абыроймен орындап келді. Іс – шара барысында ауған соғысы туралы жалпы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Ауған ардагері оқушыларға өз тілегін білдірді.

 Кездесуде «Жас Сарбаз» балалар ұйымы оқушыларына куәліктер тапсырылды. Отанымыздың болашағы жас жеткіншектерге үлкен үміт артып, өз Отандарын  қорғауға әрқашан дайын болу керек екендіктері  түсіндірілді.