"Жас ұлан" ұйымы



Башкөл орта мектебі бойынша Республикалық
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен
жасөспірімдер ұйымы
жұмысы туралы ақпарат
Башкөл орта мектебінде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына озат оқушылар қабылданды.
2 – 4 сыныптан 13 озат оқушы «Жас қыран» ұйымына, 5-10 сыныптан 9 озат оқушы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
«Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
«Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.
«Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.
«Жас Ұлан» ұйымына мүше болып қабылданған оқушылар оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болуға; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болуға; салауатты өмір салтын ұстануға, оны өз құрдастары арасында насихаттауға және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге ант берді. «Жас Ұлан» ұйымына сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға оқуға ынталанатын және әр түрлі сайыс жеңімпаздары, ерікті түрде ниет білдіретін балалар мен жасөспірімдер алдағы уақытта қабылданады.
«Жас Ұлан» ұйымының отырысы өткізіліп, әр оқушыға жауапкершілік тапсырмалар берілді.