"Адал ұрпақ" мектебі » Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Башкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы
Бесқарағай ауданының білім бөлімі
"Башкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 9-47-20
bashkul.school@mail.ru
Версия
для слабовидящих
30
октябрь
2019

"Адал ұрпақ" мектебі

Башкөл орта мектебінде  2019 – 2020 оқу жылында

құрылған  «Адал ұрпақ» ерікті  мектеп клубтарының

жұмысы туралы ақпарат


Жаңа оқу жылынан бастап  тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы құрылды. Алға қойған мақсат – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Елбасының   Жолдауында аталған  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдайтын және сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін халықтың үлесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерін енгізуді үйрету сапасын арттыруда Башкөл орта мектебінде «Патриот» оқушылар ұйымы жетекшілігімен ауқымды іс-шаралар жасалуда. Мектепте «Адал ұрпақ» патриоттық клубы ашылды, жалпы клуб өкілдерінің саны  22 оқушыдан тұрады.

«Адал Ұрпақ»ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Мектеп оқушылары түгелдей дерлік «Адал ұрпақ» ерікті ұйым қатарында болумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалатын шараларды бір кісідей атқарады.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының ресурстарын қарастыра отырып, «Парасаттылық мектептері» ауқымды жұмыс атқарады.

Ерікті клубтың басшысы 10 сынып оқушысы  Жасуланов Батырхан. Мектепте «Парасатты азамат» қабырға стенді орнатылған. Жоспарға сай сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізеді, клуб мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойларын бейнероликтер арқылы сипаттады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында жасалған жұмыстар жастарды адал жолға жетелейді.

Похожие публикации:

11 октябрь 2019 Игілікті іс шара
16 ноябрь 2019 Рухани Жаңыру