«Әлем таныған ұлы тұлға» семинар – тренинг







«Рухани қазына» бағдарламасы аясында Башкуль ауылдық мектеп кітапхана ұйымдастыруымен «Әлем таныған ұлы тұлға» атты семинар – тренинг өткізілді. Ұлы дана, ойшыл кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жүргізілген іс – шараға Башкөл орта мектебінің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Іс – шараның басты мақсаты кітапхана ақпарат орталығы екенін дәлелдей келе, жыл бойы жүргізіліп отыратын іс – шараларға интернет желісінен нақты да толық ақпарттарды электрондық кітапханалар арқылы алуға болатынын көрсетіп, түсіндіру. Дана Абай тұлғасын неғұрлым толығырақ біліп зерттеу мақсатында ақпарат көздерімен таныстыру. Жыл бойғы жүргізілетін іс – шараларға Абай шығармашылығы бойынша қажетті толық деректерді интернеттен қандай сілтемелер арқылы өту керектігін үйрету болып табылды. Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы арқылы жас ұрпақтың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ұштау.
Семинар барысында Республика көлемінде жоғары дәрежеде қызмет атқарып отырған ШҚО Пушкин атындағы кітапхана сайтына кіріп, «Біздің Абай» электрондық кітапханасы бойынша толық ақпарат жүргізілді. Интернетке қосылған актив панель арқылы «Біздің Абай» электрондық кітапханасының барлық бөлімдерімен таныстырып, дана Абай туралы толық ақпарат қалай алуға болатындығы және оның шығармаларының әр тілде басылғандығы жайлы және электрондық оқу жүргізуге болатындығы туралы түсіндірілді. Абай шығармаларының әлемнің әр тіліне аударылып шығарылғанын түсіндіріп, әр тілдегі шығармаларын қайдан алып оқуға болатыны көрсетілді. Абай әлемінің ең қызықты деректерімен таныстырылып, «Абайдың қолжазбалары», «Абай ұрпақтары» атты бөлімдер бойынша қосымша баяндамалар жасалынды. Сонымен қатар Семей қаласындағы Абай кітапханасындағы элетрондық кітапханадан да үнемі жаңадан толықтырылып отыратын жаңалықтармен таныстырылды.
Семинар барысында үлкейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, Абай әлемі кітаптарына шолу жүргізілді. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар онлайн интернет арқылы Абайдың фотосуреттерімен таныстырылып, Абай музейіне саяхат жүгізілді.
Семинарға қатысушылар көп мағлұмат алғандықтарын білдірді.