«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік » Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Башкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы
Бесқарағай ауданының білім бөлімі
"Башкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 9-47-20
bashkul.school@mail.ru
Версия
для слабовидящих
» » «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік
13
февраль
2020

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік

КММ «Башкөлорта мектебі» бойынша

2019-2020оқу жылының  2-12 ақпан аралығында өткізілген

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

тақырыбындағы онкүндіктің қорытындысы туралы

х  а   б  а  р   л  а  м  а

Мектебімізде 2-12 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзін-өзі тану» пәнінің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық  педагогикасы»   тақырыбында   дәстүрлі  онкүндігі өткізілді.

Онкүндіктің  мақсаты:Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен  өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен  адамзатқа деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру.

Онкүндіктің әрбір күні – мейірімділікке   толы  мерекеге    айналды.  Атап    айтсақ 2-12 ақпан аралығында онкүндікті өткізу  үшін мектеп  бойынша   өзін-өзі тану пән мұғалімі А.Е.Кокамбекова іс-шаралар жоспарын жасақтап, жоспарға сәйкес шаралар  өтті.

Онкүндіктің алғашқы күні мерекелік салтанатты жиынмен ашылды. Жиынға қатынасқан 1-11 сынып оқушылары онкүндіктің жоспарымен таныстырылды, барлық сынып оқушыларын аталған онкүндікке белсенді атсалысуға шақырылды.

3 ақпанда «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды, онда мектеп кітапханашысы  ұйымдастыруымен өзін-өзі тану туралы мағлұмат алатын «Самопознание kz», «Өзін-өзі тану» журналдарының топтамасы, «Мен АДАММЫН», «Тағылым», «Қазақтардың дүниетанымы» С.Назарбаеваның еңбектері т.б өзін-өзі тану негізінде, баланың  адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру мақсатында ақпарат   көздерімен толықтырылды.

4 ақпанда «Жүректен шыққан жылы сөз» айдарымен қабырға газеттері шығарылды.

5 ақпанда өзін-өзі тану пәнінен «Өзімшілдік пен көпшілдік» тақырыбындағы  ашық сабақ 3сыныпта өткізілді. Сабақ барысында  мұғалім тұлғаның бойында кездесетін өзімшілдік пен көпшілдік  туралы  айта келіп, баланың жан-жақты қалыптасуы үшін ата-ана мен мектеп,   достарыныңқарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттілік  қасиеттері кісілік келбетін  сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігін сөз етті. Сонымен қатар әр отбасындағы қалыптасқан дәстүрлер жайында балалармен  пікір алмасу болды.                                          

8 ақпанда саз пәнінің мұғалімі Ахмедиева М. «Өнерін  өрге өрлеткендер» тақырыбында 6 сыныпта ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, Отан, туған жер, өмір туралы әндерді шырқап, әннің шығу тарихы, әнді орындаушы, әнді сүйемелдейтін аспаптар, олардың шығу тарихы, орындалатын арнайы орындар туралы айтып,талдап, үлкен белсенділік танытты. Жалпы бұл орайда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. 

9 ақпанда Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, мектеп психологы А.Е.Кокамбекова

7-сынып оқушыларына дайындап, өткізген  «Жүрек жылуы» атты тренингі сәтті өтті. Өткізілген тренингте оқушылар өздеріне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының әлеуметтік маңызын  арттырды. 

Оқушы шығармашылығын жариялау мақсатында 1-11 сынып оқушылары жұмыстарынан  «Өзін-өзі тану және мен» тақырыбында сурет және эссе байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына  салынған  суреттері, эсселері жинақталды. 

 «Өзін-өзі тану: Махаббат  пен   Шығармашылық  педагогикасы» өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады.