"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы » Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Башкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы
Бесқарағай ауданының білім бөлімі
"Башкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 9-47-20
bashkul.school@mail.ru
Версия
для слабовидящих
14
февраль
2022

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйла" атты акция 

Халықаралық кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желінің белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір ұлы Эммиге дәл осы күні "неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесіне өзіміз куә болып отырмыз. Мереке – халықаралық деңгейге дейін жетті. Мерекенің қағидасы бойынша бұл күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Оқырмандарға жақсы кітаптарын кітапханаға сыйлауға, өзге адамдардың да осындай керемет қадам жасауына жол ашу. Кітапхана қорын толықтыру және кітап оқуға деген қызығушылықты ояту.  Башкуль ауылдық  мектеп кітапханасында  ұйымдастырылған "Кітапханаға кітап сыйла" акциясына "Айжана" шаруа қожалығы атынан Калишова Сәуле  кітапханаға балаларға арналған кітаптар сыйға тарту етті және шағын кешенді балабақша балаларына  арнап бояу - кітапшаларын сыйлады.   Демеушілерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз.