Рухани Жаңыру





«Еңбегімен еленген ел ардақтылары»
атты семинар – тренинг
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Башкөл орта мектебінде «Еңбегімен еленген ел ардақтылары» атты семинар - тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Тайгожина Ақмарал, Беген орта мектебінің және Березовка орта мектебінің ұстаздары қатысты.
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген іс – шара жас ұрпақтың бойына отансүйгіштікке тәрбиелейтін шара болып табылады. Мектептегі «Ауыл тарихы» мұражайында «Тарихқа толы ауылым» атты мұражайға саяхат сабақпен басталып, ауылдан Ұлы Отан соғысына қатысқан құрметті ардагерлерге арналған стендпен және ардагерлерге арналған көрмелермен таныстырылды. 5 сыныпта «Ұлы отан соғысы: туған ауылымның батырлары» және 9 сыныпта «Ер есімі – ел есінде» атты ашық сабақтар өткізілді. Семинардың қорытындысы ретінде акт залында дөңгелек үстел – пікір алмасу жүргізілді. Танысу тренингі жүргізіліп, семинарға қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, «Майшам» тренингі арқылы өз ой – пікірлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.