Тәртіпке бағын жасыңнан » Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Башкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы
Бесқарағай ауданының білім бөлімі
"Башкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 9-47-20
bashkul.school@mail.ru
Версия
для слабовидящих
15
февраль
2020

Тәртіпке бағын жасыңнан


Тәртіпке бағынайық жасыңан

Башкөл орта мектебінде, ақпан айының 14 жұлдызында  құқық бұзушылық пен қылмысты алдын алу мақсатында «Тәртіпке бағын жасыңан» атты 1-4 сынып оқушылар арасында  ұлдар жины өтті. Бұл аталмыш жиынға  сынып жетекшілер А.А.Конырова, Ж.А.Токсанаева, Г.Н.Мулдагусманова, А.М.Жуманалина, жастар жетекшісі Л.Р.Хамитова, тәрбиеі ісінің меңгерушісі А.Т.Сапарова, мектеп психологы А.Е.Кокамбекова және 10 сынып оқушылары А.И.Асылбеков, Б.Д.Жасұланов қатысты.

           Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш жиында оқушыларға қоғамда, мектепте т.с.с. басқада жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану  жайында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Сапарова сөз қозғап, «қиын бала қайдан шығады?» тақырыбында слайд шоу көрсетті. Сонымен қатар мектеп психологы А.Е.Кокамбекова әлімжеттікті  болдырмаудың мақсатында түсіндірмелі жұмыстар жүргізіп, оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып, оқушылардың ойлары ортаға салынып, талқыланды. Жиналыстың ортасында «Қар лақтыру» атты тренинг өткізілді. Жиынның соңында кері байланыс ретінде  оқушылар сабақтан алған  әсерлерімен бөлісіп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.