Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойының ашылуы » Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Башкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы
Бесқарағай ауданының білім бөлімі
"Башкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 9-47-20
bashkul.school@mail.ru
Версия
для слабовидящих
» » Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойының ашылуы
22
январь
2020

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойының ашылуы


Ұлы тұлға Абайға 175 жыл.


Башкуль ауылдық кітапхана мен Башкөл орта мектебінің ұйымдастыруымен мектептің акт залында Абай Құнанбайұлының  175 жылдық  торқалы тойына арналған Абай жылының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Ауқымды іс – шараға мектеп ұстаздары, оқушылары және ауыл жастары қатысты. Сахна киіз үй нақышымен безендіріліп, Абайдың кітаптары мен буклеттер төрге қойылып, әр түрлі бұйымдармен  көзді тартты.

 Абай жылының ашылу рәсіміне келген тышқан жылы  барша қауымға тышқан жылында елеулі  оқиғалармен таныстыра келе, биылғы жылы Абайға арналған мәртебе аса жоғары екенін қуанышпен мәлімдеді. 

Сахна төрінде Абай жылының басталуы, сағатқа қуат көзін қосып салтанатты түрде іске қосу арқылы, оқушыларға бұл уақыттан бастап Ұлы Абай жылының бізге берері көп екендігін, осы уақыт аралығында түрлі ауқымды іс-шаралар өтеті жарияланды. 

Ұлылардың ұлысы Абай ортаға шығып, өзінің өлеңдерімен көпшілікті тәнті етті. 

Оқушылар сахна  төрінде Абайдың  өлеңдерін әр тілде мәнерлеп оқып көпшіліктің көңілінен шықты. 

Оқушыларға Абай әлемінің қызықты қырларын бейнелейтін бейнефильмдер көрсетіліп, Абай әлемінің сырларынан қызықты викториналық сұрақтар қойылды. 

Соңында жиналған барлық қатысушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Абай жылының ашылу салтанаты өте тартымды, әрі мағыналы өтті.

Похожие публикации:

16 ноябрь 2019 Рухани Жаңыру