Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты онкүндік » Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Башкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы
Бесқарағай ауданының білім бөлімі
"Башкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 9-47-20
bashkul.school@mail.ru
Версия
для слабовидящих
» » Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты онкүндік
14
февраль
2020

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты онкүндік

«Башкөл орта мектебі» КММ «Абай әлемі» онкүндігі аясында өткен 

іс шаралар бойынша ақпарат


Башкөл орта мектебінде 2020 жылдың ақпан айының 3-14 аралығында «Абай әлемі» атты онкүндігі ұйымдастырылды. «Абай әлемі» онкүндігінің жоспары құрылып, жауапты тұлғалар бекітілді. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай қазақ поэзиясының шыңы» атты эссе байқауы өтті. Эссе байқауын мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері өткізді. Эссе байқауының мақсаты: әрбір оқушы өзінің жазба жұмысында қазақ поэзиясындағы Абайдың рөлі туралы түсіну, білу және мақтан тұту. Аталған онкүндік шеңберінде кітапхана жұмысы жоспарына сай «Абай әлемі» мектеп клубы құрылып, жұмысын атқаруда. Аталған мектеп клубына 2-5 сынып оқушылары қабылданды. Жетекшісі – Хамитова Люция Рифхатовна. 9-сынып оқушыларымен «Хакім Абай даналығы» атты лекциялар бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқушылар ізденген мағлұматтары бойынша өзара ақпаратпен бөлісті. Мектептің музыка пәнінің мұғалімі Ахмедиева М.Б. бастауымен «Әнді сүйсең, менше сүй» атты 5-8 сынып оқушылары арасында ән байқауы өтті. Мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Кенжеханов Ж.Б. және технология пәнінің мұғалімдері Бектин С.Г., Бакирова А.Ж. ұйымдастыруымен сурет көрмесі қойылды. Көрме жетекшілері оқушының әрбір жұмысына жеке тоқтала кетіп, суреттің түпкі мағынасын түсіндіріп өтті. «Абай әлемі» атты онкіндіктің соңғы іс-шараларының бірі - мектеп кітапханасында «Абайтану» бұрышын жабдықтау. Башкөл орта мектебінің кітапханасында Абайдың 175 жылдығына «Абайтану бұрышы» ашылды.