Әл-Фараби - 1150 жыл






«Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби» әдеби – тарихи сағаты
Башкөл орта мектебінің акт залында ауылдық кітапхана және Башкөл орта мектебінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл - Фараби» атты әдеби – тарихи сағат ұйымдастырылды. Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналаған іс – шараға мектеп ұстаздары, оқушылары және ауыл жастары қатысты.
Шараның негізгі мақсаты: орта ғасырдың көрнекті ғалымы атанған әл-Фараби өмірімен танысу. IX-XII ғасырлардағы ғылымның дамуы туралы, қазақ жеріндегі ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы білімдерің кеңейту. Оқушыларды көрнекті ғалымдардың ізгі қаситтерін мысалға ала отырып, жаңа білім беруге тәрбиелеу. Әл-Фарабиді ұлы тұлға, данагөй ретінде таныта отырып, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін, әртүрлі мәдениеттерді жақындастыруға әсер еткен шығармаларының құндылықтарын бағалау. Оқушыларға өткен уақыттың маңыздылығын көрсете отырып, «Ұлы даланың ұлы тұлғаларын» зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту;
Қатысушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Әл – Фарабидің суретін көрсете отырып, зерттеу сұрақтары арқылы жалпылама түсінік жасалынды.
Бұл кісі кім? Неге мұндай құрметке лайық болды? Неліктен өмірден өткеннен кейін мыңдаған жылдар бойы оның есімімен аталған көшелер, мектептер мен университеттер болды?
Қатысушылардың білімдерін толықтыру мақсатында бейнебаян көрсетіліп, Әл Фараби - шығыстың ұлы ойшылы екені дәлелденді. Әр түрлі елдердің көптеген ғалымдары, соның ішінде шығыстанушы ғалымдар да геометрияның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Солардың бірі - Отырар қаласының тумасы, көрнекті ғалым Әбу Насыр әл-Фараби. Нәтижесінде геометрия өндіріс пен технологияда кеңінен қолданылатын және бірқатар ғылымдардың негізін құрайтын ғылымға айналды.
Бейнебаяннан: Әл-Фарабидің ескерткіштерін, Түркістан қаласының тарихи орындарын, Астанадағы Әл-Фараби шағын ауданың, Елорданың жаңа ғимараттарын тамашалады. Сонымен қатар, ортағасырлық ғимараттардың фотосуреттері: кесенелер, мазарлар мен сарайлары көрсетілді.
Кітаптарда жазылған аңыздарға сүйене отырып, Әл – Фараби туралы аңыздардан бастауыш сынып оқушылары тарихи көрініс көрсетті.
Әл – Фарабидің шығармаларын насихаттау мақсатында 5 – 6 сынып оқушылары өлең жолдарын жатқа айтып, 7 сынып оқушылары Әл – Фарабидің шығармалары туралы толық мәлімет берді.
9 сынып оқушылары Әл – Фараибидің әр түрлі сала бойынша еңбектері мен қосқан үлесі туралы жалпы сипаттама берді. Тіл, әдебиет, музыка бойынша күй тыңдалды. Физика, астрономия, химия, ботаника, медицина, жаратылыстану саласы бойынша ғылымға қосқан үлесі туралы көп мағлұмат берілді.
Математика саласы бойынша есептер шығарылып, тақтада жұмыс жүргізілді.
Іс - шара Әл – Фарабидің еңбектерін барлық сала бойынша насихаттау барысында толық мағлұмат берілді. Әл –Фарабидің кітаптарынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихатталды.