Тәуелсіздік мерекесі







«Тәуелсіздік төрінде»
Мемлекетіміздің аса құрметті мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап Башкөл орта мектебінде мектеп оқушылары мен ұстаздары, ата - аналардың қатысуымен «Тәуелсіздік төрінде» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік құттықтаулар, жақсы тілектер айтылып, әр түрлі байқаулар мен сайыстар жеңімпаздарына оқушылар мен ұстаздарға марапаттау қағаздары тапсырылды. Оқушылар Отан туралы өлеңдер оқып, тамаша ән мен билер орындалды. Барлық қатысушылармен бірлесе «Атамекен» әні айтылды.
Жастар жылы аясында мерекенің екінші бөлімінде ауыл үлкендері мен жастарының қатысуымен «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты кеш ұйымдастырылып өткізілді. Үлкендер мен ауыл жастары өз замандарының жетістіктерімен, замана мүмкіндіктерімен өз ойларымен бөлісті. Әр түрлі сұрақтар қойылып, караоке өлеңдер орындалды. Ауыл үлкендері жастарға өз ақылдары мен ізгі тілектерін білдірді.