Құтты болсын Жаңа Жыл! » Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Башкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы
Бесқарағай ауданының білім бөлімі
"Башкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 9-47-20
bashkul.school@mail.ru
Версия
для слабовидящих
31
декабрь
2019

Құтты болсын Жаңа Жыл!


Қайырымдылықпен басталған ерекше жаңа жыл.


Жаңа жыл барша қауым үшін ерекше сағынышпен және   әзірлікпен  қарсы алатын мерекелердің бірі. Жаңа жыл мерекесін Башкуль ауылында дәстүр бойынша төрт кезеңмен тойланады. Мектеп оқушыларына арналған шырша мерекесі бастауыш және орта буын оқушыларына арнап ертегі кейіпкерлерімен бірлесе көңілді ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушыларына арнап «Инста - шоу» өткізілді. Мектеп жасына дейінгі балғындарға арнап ауылдың бетке ұстар азаматтары,  шаруа қожалықтары  жиналып, сыйлықтар алып, балғын бөбектерге  қуаныш сыйлады. 

Ал 31 желтоқсан күні жаңа жыл алдында ауыл азаматтары мен ауыл қонақтарына арнап балмаскарад өткізу көп жылдардан келе жатқан   үлкен дәстүр болып табылады. Аяз ата мен ақшақар көңілді ойындарымен, жастар ән -  билерімен көпшілікке жақсы көңіл – күй сыйлайды. 

2020 жыл еріктілер жылына алғашқы демеушілер: мешіт тарапынан оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын», - демекші жылда демеушілік көмек көрсетіп отырған  ауыл азаматтарына, шаруа қожалық иелеріне және мектепке микрофон сыйлап көмек көрсетіп отырған «Башкуль» татар этномәдени орталығына  үлкен алғысымызды білдіреміз.

Похожие публикации:

11 октябрь 2019 Игілікті іс шара
16 ноябрь 2019 Рухани Жаңыру